Русский Сайттың толық нұсқасы

Әмір Маймұратов Париж Олимпиадасының жартылай финалына шыға алмады

  • AstanaTV
  • 08 тамыз 2024
  • 154

 Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бүгін құзға өрмелеуден жылдамдыққа жарыста қазақстандық Әмір Маймұратов жартылай финалға өте алмады. 

Ол ширек финалда әлем чемпионы, жазғы Азия ойындарының екі дүркін жеңімпазы, Азия чемпионы, ирандық спортшы Реза Алипур Шеназандифардтан жеңіліп, Олимпиада ойындарын ширек финалдан аяқтады.

Әмірдің уақыт көрсеткіші – 6.14 секунд. 

Айта кетейік, әзірге Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 3 күміс, 3 қола жүлде бар.

Бұл туралы Қазақпарат хабарлады.