Русский Сайттың толық нұсқасы

ХВҚ: Биыл мұнай барреліне 55-58 доллар шамасында болады

  • AstanaTV
  • 06 наурыз 2017
  • 2520

2017 жылы мұнай бағасы барреліне 55-58 доллар аралығында құбылады. Осындай болжаммен Trend басылымына сұхбат берген Халықаралық валюта қорының Әзірбайжандағы миссия басшысы Мохаммед аль-Горчи бөлісті. Айтуынша, қара алтын құны барреліне 100 доллар болған кезіне қайтып оралуы екіталай.

Айта өтейік, қаңтарда Халықаралық валюта қоры биыл мұнай бағасы барреліне 51,2 доллар шамасында болады деген болжам жасаған. Қордың келесі жылға болжамы көңіл көншітпейді, олар, бір баррелі 53 доллар шамасында болады, деп отыр. Ал бүгінгі саудада мұнайдың баррелі 55 долларды құрады.