Русский Сайттың толық нұсқасы

Ауа райына байланысты ескерту жарияланды

  • AstanaTV
  • 09 тамыз 2024
  • 233

"Қазгидромет"  еліміздің барлық  өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады.

Ұлытау облысының солтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Найзағай. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. 

Астанада найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан күндіз екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Найзағай. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. 

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршак, дауыл. Найзағай күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с. 

Атырау облысының шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың шығысында, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыста жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстік бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі күтіледі. 

Абай облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың батысында, орталығында 15-20, күндіз 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 25 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық сақталады. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Алматы облысыныңда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз оңтүстігінде, екпіні 15-20 м/с. Күндіз облысының басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық сақталады.

Алматыда күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қауіпі сақталады.

оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады. 


Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. 


Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20 м/с, таңертең және күндіз екпіні 23-28 м/с күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, солтүстік-батысында 40 градус қатты ыстық күтіледі. 09 тамызда облыстың басым бөлігінде жоғары төтенше өрт қауіпі сақталады.