Русский Сайттың толық нұсқасы

Орталық Азия елдерінің жалпы ішкі өнімі шамамен 450 млрд долларды құрайды

Бүгінде Орталық Азия елдерінің жалпы ішкі өнімі шамамен 450 млрд долларды құрайды. Өзара сауданың тұрақты өсуі қамтамасыз етілді. Соңғы 5 жылда бұл көрсеткіш 80%-ға өсіп, 11 млрд долларға жеткен. Бұл туралы еліміздің сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Орта Азия елдері ведомсва басшыларының кеңесінде айтты. Жиынға қатысқан министрлер бес жақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуды көздейтін бірқатар бастамалар көтерді. Мұрат Әбуғалиұлы көршілес елдермен экономикалық, көлік-логистика, энергетика, өнеркәсіп бағытында жоспарлы жағдай жасалып жатқанын жеткізді. Осы бағыттағы жұмытар өзара тиімді әріптестікті одан әрі үдемелі дамытуға қызмет ететініне сенімді екенін айтты.