Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылордада «Мүмкіндіктер алаңы» шарасы өткізілді

Камшат Мұстапаева 4 жылдан бері екі қолға бір күрек таппай жүр. Бұрын еден жуып, бала-шағасын асыраған екен. Кейін денсаулығына байланысты демалыс алған. Енді бірнеше жылғы үзілістен кейін жұмысқа қайта орналасуға ниетті. «Мүмкіндіктер алаңы» шарасы оның үмітін қайта тұтатты.

Камшат МҰСТАПАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Өзім үшінші топ инвалидпін. Осы жерден жұмыспен қамту несінен өзіме лайықты жұмысты таптым. Тілдесіп, сөйлесіп, жұмыспен орналасып жолдамамды алып, Аллаға шүкір. Енді жұмыс істеуіме болатын шығар деп ойлаймын. Қуанышымда шек жоқ.

«Мүмкіндіктер алаңының» жастарға берер мүмкіндігі көп. Шара барысында 40-қа жуық мекеме 200-ден аса бос жұмыс орнын ұсынды. Мүмкіндігі шектеулі жандар өз қолдарынан шыққан бұйымдарынан жәрмеңге ұйымдастырды. Ал сала мамандары мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар бойынша кеңес берді.

Әліби БАСАРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Мүмкіндігінше осы шара арқылы жастарды жұмыспен қамтуға және де алдағы уақытта өздерінің кәсіптерін бастап кету үшін және де шағын гранттарға ие болу үшін үлкен мүмкінлдік болары сөзсіз. Бұл таңда басталғанымен , түстен кейін дейін 17.00-ге дейін жалғасады. Бұл жердегі мамандар немесе кеңес беруші органдар өз кеңестерін жалғастыратын болады.

Мұндай бастама қалада ғана емес, барлық аудандарда өткізілуде. Айта кетейік аймақта 12 тамыз Жастар күніне орай арнайы онкүндік бекітілген. Аталмыш шара соның бірі.