Русский Сайттың толық нұсқасы

Табиғаттың тосын мінезі жұртты біраз әбігерге түсірді

Толассыз жауған жауын ақтөбеліктерді әбден әбігерге салды. Көпқабатты үйлердің бірінде кәріз суы унитаз бен ваннадан кері аққан. Ал, жаңбырдан қала орталығындағы көшенің бірі опырылып түсті. Қазір коммуналдық мекеме айналаға белгі қойып, жол бөлігін уақытша жапты.

Ал, Астанада қатты жел мен жауыннын салдарынан үйдің шатыры ұшып көлік үстіне түсті. Төтеншеліктер ауа райының құбылатының ескертіп, қаланың 2 млнға жуық байланыс абоненттеріне хабарлама жіберген айтады.

Азамат ЖҰМЕКЕШОВ,  АСТАНА ҚАЛАСЫ ТЖД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Үйдің шатыры Ваз 2114 маркалы машинаның үстіне құлап түскен болатын. Төтенше жағдайлар департаменті 112 нөміріне 8 тамызда бұршақ жаууы бойынша қоңырау түскен жоқ. Жалпы, бұршақ пен қатты жел кезінде зақымдар мен жарақат алмау үшін азаматтар қауіпсіздік шараларын сақтауы керек.

Сондай-ақ бармақ басындай бұршақтан Air Astana әуекомпаниясының төрт ұшағы зақымдалған. Қазір әуекомпания инженерлері қажетті тексеру және жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.