Мысыр құрамасының балуаны Мохамед Эльсайед Париждегі кафелердің бірінде әйелге қырындады деп айыпталып отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Француз полициясы грек-рим күресінен Мысыр құрамасының мүшесі Мохамед Эльсайедті жыныстық зорлық жасады деген күдікпен ұстады. Бұл туралы Le Parisien газеті хабарлады.
Оқиға 9 тамызда жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 4:30 шамасында Аустерлиц жағалауында болған. Дереккөздің хабарлауынша, балуан Париждің 13-ші ауданында кафеден мас күйінде шығып, көшедегі бейтаныс әйелдің бөксесін ұстаған. Жәбірленуші полицияға арыз жазды.
Прокурорлар жыныстық зорлық-зомбылық туралы тергеуді бастады. 26 жастағы Эльсайед грек-рим күресінен Токио Олимпиадасының қола жүлдегері (67 келіге дейін). Париждегі Олимпиада ойындарында Египет спортшысы әзербайжандық Хасрат Джафаровтан жеңіліп, финалдың 1/8 кезеңінде шығып қалды. Париж олимпиадасы 11 тамызда аяқталады.