Түркияның астанасы Анкарада автобус апатынан кем дегенде 10 адам көз жұмып, тағы 25 адам зардап шекті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Бұл туралы Анкара губернаторы Вас ип Шахин хабарлады.
Оның айтуынша, автобус Полатлы ауданындағы Анкара-Эскишехир тас жолындағы эстакада тірегіне құлаған.
Губернатордың айтуынша, апаттың себептері анықталып жатыр
«Оқиға орнында көлік дөңгелегінің ізі жоқ, яғни, жүргізуші ұйықтап кетуі мүмкін деген болжам бар», - деп қосты ол.
Синьхуа хабарлағандай, жол апаты болған жерге өрт сөндіру бригадалары, сондай-ақ іздестіру-құтқару және медициналық командалар жіберілді. Апат болған жол уақытша жабылды.