Русский Сайттың толық нұсқасы

Елбасы аймақтарға жұмыс сапарын Ақтөбе облысында жалғастырды

  • AstanaTV
  • 10 наурыз 2016
  • 1711

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың аймақтарға жұмас сапары Ақтөбе облысында жалғасты.Өңірдегі кәсіпорындардың жұмысымен танысқан Елбасы шағын және орта бизнес өкілдерімен жүздесті. Айына мың жарым тонна қызанақ өсіретін жылыжай кешенінде болды.  Мемлекет басшысы сондай ақ 2001-ші жылы ашылған Ақтөбе мұнай жабдықтары зауытының тыныс-тіршілігіне де қанықты. Зауыт отандық мұнай компанияларын, көршілес Өзбекстан еліндегі бірқатар кәсіпорындарды да кешенді құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіп келеді. Жұмысшылармен тілдескен Нұрсұлтан Назарбаев оларды өз ісінің маманы болуға шақырды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Қандай мамандық иесі болатының маңызды емес, ең бастысы өз ісіңнің кәсіби шебері бола білу. Сонда ғана сені сыйлайды. Ешкімге қажеті жоқ, кейде тіпті сатып алынған диплом иесі болғанша шебер аспаз бол. Бастысы қандай мамандықты таңдасаң да өз ісіңнің үздігі болуың керек. Индустриалдық бағдарлама бұл жаңа кәсіпорындар, жаңа мамандықтар. Қазіргі таңда қажетті бағдар осы. Мұнай мен газдың бағасы құлдыраған заманда ол салаға барам деушілер азайды. Өйткені онда қазір жағдай қиындады. Ал индустриализация, жаңа мамандықтар міне бүгінгі күннің талабы. 

 М. ЕСХОЖИН