Русский Сайттың толық нұсқасы

Бразилияда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады, бортта 61 адам болған

  • AstanaTV
  • 10 тамыз 2024
  • 323

Бразилияда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Бортта 60-тан астам адам болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Авиакомпанияның хабарлауынша, ATR 72 қос моторлы турбовинт ұшағының бортында 62 адам болған: 58 жолаушы және төрт экипаж мүшесі. Кейінірек борттағылардың саны нақтыланды: билетті сатып алғандардың бірі рейске кешігіп келген, деп хабарлады Reuters агенттігі кешігіп келген адаммен байланысқан жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

Осыдан соң Валинхош қаласының мэрі апаттан аман қалғандар жоқ деп хабарлады.

Ұшақ Каскавелден (Парана штаты Парагвай мен Аргентина шекарасына жақын) Гуарулос әуежайына ұшқан. 

Әлеуметтік желілерде ұшақтың тігінен құлаған видеосы пайда болды.

Әуе кемесінің тұрғын үй құрылысының ортасына құлаған, бірақ ол жерде ешкім зардап шеккен жоқ.