Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте нұротандықтар инклюзивті оқыту жүйесін талқылады

  • AstanaTV
  • 06 наурыз 2017
  • 5089

"Инклюзивті білім берудің мәні мен маңызы". Бүгін Шымкенттегі № 65 мектеп-гимназияда «Нұр Отан» партиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастыруымен өткен жиынның әңгіме арқауы осы тақырып болды.

«Қазақстан-2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» сайлауалды бағдарламасының «Білім» бағыты бойынша аймақтық сараптамалық комиссия мүшелері бүгінгі білім беру жүйесіндегі ерекше мұқтаждықтары бар балаларды оқыту үрдісінің іске асуын сөз қылды. Партия өкілдері, ұстаздар, психологтар мен ата-аналар мүмкіндігі шектеулі балғындардың қатарынан қалмай, бірге жүріп, бірге дәріс алуы олардың өзін қоғамға бейімдеуіне айтарлықтай сеп болатынына сенімді.

Айта кетейік, Шымкентте инклюзивті оқыту жүйесі кең қолға алынған. Бұл барлық балаға бірдей бағытталған мемлекеттік саясат. Ол баланың дамуы жағынан артта қалуына қарамай, оның әлеуметтік бейімделуіне мол мүмкіндік туғызып отыр, дейді инклюзивті оқытуды өз тәжірибесінде қолданып отырған № 39 мектеп басшылығы. Билік партиясының өкілі Оңалбай Аяшев инклюзивті оқытудағы қиындықтарды бірлесіп шешу керектігіне тоқталды.

Оңалбай Аяшев, ОҚО мәслихатының депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Мүмкіншілігі шектеулі балалар осы келе жатқан үлкен басым міндет қойып тұрған заманның талабына сәйкес болуы керек. Соған дайындалуы керек. Олар дені сау, ой-өрісі кең балалармен бірге болып, солардан үлгі алып, солардың қасында болып, әрі қарап білімін жетілдіріп, кәсіптік бағдарда келешектегі өмірге дайындалуы керек.