Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада ер адам өртеніп жатқан пәтердің терезесінен ішке кіріп, 15 жасар қызды құтқарып қалды

  • AstanaTV
  • 12 тамыз 2024
  • 430

12 тамызда Астанада Сығанақ көшесіндегі көпқабатты үйде пәтер өртенді. Оқиға куәгерлері жасөспірімді құтқаруға көмектескен адамды видеоға түсіріп алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт пәтердің 10-қабаттан шығып, жиһаздар мен жеке заттар өртеніп кеткен. 

"2009 жылғы қызды Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға инженері Серік Рахымжанов аман алып қалды. Өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ", – делінген хабарламада. 

Өрт кезінде куәгерлер балкон арқылы жанып жатқан пәтерге кірген ер адамды видеоға түсіріп алған. Ол 15 жасар қызды газ-түтіннен қорғау қызметіне тапсырған. Құтқарушылар оның мәліметтерін анықтап жатыр.