Русский Сайттың толық нұсқасы

"Жеңіліп екінші орын алған оңай емес екен", - Н. Оралбай

Париж Олимпиадасының бокстан күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай елге оралды. Оны Елорда әуежайында жанкүйерлер ыстық ықыласпен күтіп алды. Боксшы қолдаушыларының қолғаптарына, суреттеріне қолтаңбасын қалдырып, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Нұрбек ОРАЛБАЙ, ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ:

Бойға ұтыламын деп шықпайсың ғой. Оны білетін едім. Бойды көрдіңіздер өздеріңіз. Екінші орынды ұтылып алған оңай емес екен. Тек бір қадам қалғанда ұтылған қиын ғой енді. Алла қаласа бір- екі ай дем алып, емделіп, одан кейін тренировкаға кірісіп, алдымызда Әлем чемпионаты, Азия чемпионаты бар. Соларда чемпион болу мақсатым.

Ағайынды Нұрбек пен Айбекті 9 жасынан Асхат Берікбайұлы жаттықтырады. Ол өзі өсірген спортшыларының топ жарып жатқанына қуанышты екенін жеткізді. Ендігі меже 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін төрт жылдықтың басты бәсекесі. Жаттықтырушы келесі Олимпиадада қос алтынды қанжығаға байлауға барын салатынын айтты.

Асхат ЕРКЕБАЕВ, Н. ОРАЛБАЙДЫҢ ЖЕКЕ БАПКЕРІ:

Қай-қайсысының қолын көтерсе де ренжімеу керек. Өте тең дәрежеде өткен жекпе-жек. Мұндай жекпе-жек бізді пісіреді, шыңдайды, мықты қылдырады. Сондықтан үлкен тәжірибе алып келе жатырмыз.