Русский Сайттың толық нұсқасы

Арқалықта үш мұғалім алаяқтардың құрбаны болды

  • AstanaTV
  • 13 тамыз 2024
  • 317

Арқалықта үш мұғалім несие алып, оны телефон арқылы хабарласқан алаяқтарға беріп жіберген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі alau.kz-ке сілтеме жасап. 

Қостанайлық полиция басқармасының басшысы Болат Имановтың сөзінше, алаяқтар өзін ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері деп таныстырып, әр мұғалімнен 3,5 миллион теңге алған. Артынша алаяқтар ақшаны "қауіпсіз шотқа" салыпты-мыс.  

Имановтың сөзінше, мұндай алаяқтар соңғы кездері көбейе түскен. Қостанайда тіркелген 40 пайыз жағдай алаяқтыққа байланысты болған. Полиция мұндай 667 деректі тіркеген, ал бұл былтырмен салыстырғанда 100-ге көп.