Русский Сайттың толық нұсқасы

Маңғыстауда қаңғыбас иттер 40 бас ешкіні талап өлтірді

  • AstanaTV
  • 13 тамыз 2024
  • 294

Маңғыстаудағы Батыр ауылында қаңғыбас иттер 40 бас ешкіні қырып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мұнайлы ауданы Батыр ауылының тұрғыны видео жолдаған. Тұрғынның айтуынша, 29 шілдеде таңертең бес қаңғыбас ит қораға кіріп, 40 бас ешкіні талап өлтірген.

«Мен кәсіпкерлер палатасына, Облыстың кәсіпкерлік бөлімінің басшысына бардым. Ешкім көмек көрсеткен жоқ. Облыс әкімінің қабылдауына жазылдым. Ешқандай көмек жоқ», - деп шағымданған ауыл тұрғыны Құмар Нұрпейісова.

Әйел ешкі өсіру үшін «Нұр-Капитал» бағдарламасы бойынша несие алған.

«Біздің сүт, ірімшік, құрт, қаймақ және ешкі сүті Мұнайлы ауданының тұрғындарына сатылды. Бұл менің жалғыз табыс көзім еді. Қаңғыбас жабайы иттер екі сағат ішінде бәрін талап өлтіріп тастады», - деді әйел.

Редакция уәкілетті органдардан ресми түсініктеме күтеді.