Русский Сайттың толық нұсқасы

Қыста ешкім үйсіз қалмайды - Шарлапаев су тасқынынан зардап шеккен халыққа уәде берді

  • AstanaTV
  • 13 тамыз 2024
  • 303

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі құрылыс жұмыстары туралы үкімет отырысынан кейінгі брифинг кезінде айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Министрдің сөзінше, қыркүйектің аяғына дейін тұрғындар толықтай үймен қамтылады.

«БҚО-да 775 үй, Ақмола облысыныда 330 үй, Ақтөбе облысында 504 үй, Атырау облысында 100 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Осының 80 пайызы бірінші қыркүйекке дейін аяқталады. Басты мақсатымыз қыркүйек біткенше бүкіл құрылысты аяқтап, пайданануға бері. Мәселен, БҚО-дағы Сырым ауданында 60 үйдің құрылысы толық аяқталды, 14 үй пайдалануға берілді. Қостанайда 50 үй пайдалануға берілді», - деді ол.

Шарлапаев қысты күні ешкім баспанасыз қалмайды деп уәде берді.