Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстандық әуе компаниялары Транссібір бағытымен ұшатын болды

  • AstanaTV
  • 07 наурыз 2017
  • 2332

Қазақстандық әуе компаниялардың Ұлан-батыр мен Токиоға тікелей әуе рейсін ашуға мүмкіндігі бар. Ресейлік тараппен келіссөздің нәтижесінде Транссібір бағыты енді  қазақстандықтар үшін ашық. Бұл туралы Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ортақ мәмілеге сай, енді отандық әуе компаниялары Астана-Байқоңыр, Алматы-Байқоңыр бағытында да әуе қатынасын жандандыруға мүмкіндік алды. Келісімшартты екі елдің құзіретті органдары өзара хат алмасу арқылы шешіпті.

Сібір арқылы өтетін әуе бағыттары 1970 жылы құрылған болатын. Оның басты ерекшелігі - Ресей әуе кеңістігінен Сібір арқылы ұшатын барлық компаниялар осы елге өтемақы төлеуі тиіс.