Биыл Астанада 20-дан астам мектеп пен 4500 орындық 6 студенттік жатақхана салынады. Бұл туралы шаһар әкімі Жеңіс Қасымбек Президенттің қабылдауында айтты. Қазір қаладағы барлық негізгі экономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамика байқалады. Инвестиция көлемі 632 миллиард теңгеден асқан. Сондай-ақ, қала басшысы өңдеу өнеркәсібі, медицина, білім, көлік және логистика салаларындағы жобалар белсенді түрде жүзеге асырылып жатқанын айтты.
Жеңіс ҚАСЫМБЕК, АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:
Президентке әлеуметтік және экономикалық жағдай бойынша есеп бердім. Жалпы жарты жылдың қорытындысы жақсы. Және Президентке жылыту маусымы туралы баяндадым. Бізде қазір резерв бар юірнеше жылға. Және осы жұмыс ары қарай жалғасады. Президент қаланы ары қарай абаттандыру, көгалдандыру және экономика салалары бойынша тапсырма берді.