Русский Сайттың толық нұсқасы

Талдықорғандағы Орталық стадионның жөндеу жұмыстары мерзімінен жарты жылға кешігіп жатыр

  • AstanaTV
  • 13 тамыз 2024
  • 205

Талдықорғандағы Орталық стадионның жөндеу жұмыстары мерзімінен жарты жылға кешігіп жатыр. Басты себеп ресейде жасалатын ұсақ резеңке толық жеткізілмеген. Құрылысқа 1 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген. Көрерменге арналған орын саны 500-ге артады. Бұл жерде «Жетісу» футбол клубында тәлім алатын 400 жасөспірім жаттығатын болады. Парламент Мәжілісінің депутаты Болат Керімбек стадионға барып, жөндеу жұмысымен танысты. Спорт саласына қыруар қаржы бөлінгенімен бақылаудың жоқтығын сынға алды.

Болат КЕРІМБЕК, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT»ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Енді жылдың басында берілу керек болған бұл нысан. Уақытысында жаңа шығыс деп жатыр ғой құрылыс компаниясы, уақытында бермеуінен 6 айға кешігіп жатыр. Қазір жұмыс 90 пайыздан ғана астам жасалған, әлі де істелетін дүниелер бар.