Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде науқасқа көмекке барған жедел жәрдем көлігі батпаққа батып қалды

Ақтөбеде Өлке ауылы тұсында науқас мінген жедел жәрдем көлігі балшыққа батып қалып, құтқарушылар шақырды. Аяғы жансызданып, инсультке шағымданған 39 жастағы тұрғын мінген реанимобиль көлігі ауылдан он жарымда шыққан. Бірақ батпаққа белшеден батып қалыпты. Жедел жәрдем көлігін әуелі ауыл тұрғындары өз күштерімен сүйреп шығармақ болған. Бірақ шығара алмаған. Ақыры 112 хабарласып, құтқарушылар шақырды. Арнайы көлік реанимобильді бір жарым екі сағат дегенде әрең сүреп шығарды.

 Іңкар ҚАРАШАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:

Ақтөбе медицина орталығына жеткізілді. Неврологтар қарады. Компьютерлік томография жасалды. Инсульт деген диагноз шешілді. Бірақ бірінші болып жатқан судоржный синдром дейді сол диагноз бойынша қазіргі таңда ем алып жатыр. Қазіргі таңда науқастың жағдайы жақсы. Барлық емді алуда.