Атыраудағы «Мұнайшы» спорт кешені әжетханасының жайы көпшіліктің ашуын туғызды. Әлеуметтік желіге тараған бейнежазбада әжетхананың ит байласа тұрғысыз жайы көрсетілген. Іші өте лас, дезинфекция жасалмақ түгілі, көптен тазалық көрмегені байқалады. Алғашында үнемі кілттеулі тұрады деген клуб басшылығы әңгіме барысында үлкен ойын кезінде жанкүйерлер үшін ғана ашатынын мойындады. Қалған уақытта спортшылар ғимарат ішіндегі әжетхананы пайдаланады,- деп ақталды.
Абылай САҒЫНБАЕВ, ЖОҒАРЫ СПОРТ ШЕБЕРЛІГІ МЕКТЕБІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Ашық тұрады ойын кезде, қалған уақытта жабамыз.Сносқа кетейін деп тұр. Реканструкцияға кетейін деп тұр. Туалеттері , бәрі қарастырылған.
Мұнайшы - 8400 адамға арналған аймақтағы жалғыз футбол стадионы. Мұнда облыстың футбол клубтарымен бірге, «Дамубала» порталы бойынша оқушылар жаттығады. Кешен облыстық спорт басқармасының балансында. Мамандар әжетхана түгілі, стадионның өзі стандартқа сәйкес келмейді,- деп ашынып отыр.
Ұзақ ТҰСАЕВ, ЖОҒАРҒЫ СПОРТ ШЕБЕРІ МЕКТЕБІНІҢ СПОРТ ҒИМАРАТЫ БАСШЫСЫ:
8400 адамға онда біздің тұрған туалетіміз стандартқа сай келмейді. Себебі бұған қарайтын болсақ, бекітіліп қойған норматив бойынша, оған 250орындық болу керек. Оның ішінде 60 пайызы ер адамға арналған, 40 әйел адамға арналған. Қазіргі таңда біздің стадион «Мұнайшымыз» біздің стандартқа келмейді.
Бір қызығы, әлеуметтік желіге жариялаған соң әжетхана ішін әктеп қойған. Бірақ жуып-тазалап үлгермепті. Кәріз желісі де сол күйі. Келер жылы кешен толық қайта жаңғыртудан өтеді,- деп жоспарланған. Сол кезде стадион да, әжетхана да жаңартылмақ.