Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордада жастардың басын қосқан ерекше жиын өтті

Елордада жастардың басын қосқан ерекше жиын өтті. Ботаникалық саябақта өткен шара «Жастармен бірге» ұлттық жастар декадасы аясында ұйымдастырылды. «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы мен "AMANAT" партиясы және Есіл ауданы әкімдігімен бірлесіп өткізілген шарада «Қазақстан жастары» әлеуметтік зерттеуінің қорытындылары ұсынылды.

Біржан ӘЛІМЖАНОВ, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ КОМИТЕТ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

2029 жылға дейін мемлекеттік жастар саясаты саласында арнайы тұжырымдама қабылданған болатын. Қазіргі кезде сол тұжырымдамаға өзгерістер енгізілуде. Мемлекеттік жастар саясаты саласында жастар ғылыми-зерттеу орталығының болуының өзі меніңше біз үшін бір ұтымды, оңтайлы тұстардың бірі болып табылады.

Орталық жастар арасында пікірталас алаңын жыл сайын ұйымдастырады. Әр жиында нашақорлық мәселесі өзекті проблемаға айналғаны айтылып келеді, дейді мамандар. Олардың айтуынша, бүгінде 16-35 жас аралығындағы әрбір бесінші қазақстандық өмірінде бір рет болса да есірткінің дәмін көрген.

Жандос АҚТАЕВ, "ESBOL" ҚОРЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Біздің партнерларымыз "Жастар" ғылыми-зерттеу алаңында да біз осы ахуал туралы және профилактиканың алдын алу бойынша жаңа методикалар туралы кішкене өзіміздің жаңалықтарымызбен бөліскіміз келіп отыр. Түрлі ғалымдар мен эксперттері бар сарапшылар бар солармен дискусияға түсіп кейбір ойларымызды нақтылап осы алаңда оны жетілдіргіміз келіп отыр.

Мамандардың айтуынша, жастардың ойын талқыға салған шара алдағы уақытта оларға қатысты мәселелердің түйінін тарқатуға көмектеседі.

Дәрменияр ҚЫДЫРБЕК-ҰЛЫ, «ЕСІЛ» АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

Жастарымыздың бүгінгі сарапшылармен бас қосып, өзіміз тарапымыздан білгіміз келеді. Жалпы жастар үшін бүгінгі күні актуальды өзекті мәселелері бар. Жастардың қоғамы қандай құндылықтардың артынан жүреді.

Ел жастарының 80 пайыздан астамы отбасын ең басты құндылық деп біледі. Бұл көрсеткіш биыл жастар арасында жүргізілген сауалнама нәтижесінде белгілі болған. Жас буын үшін өмірлік құндылықтардың қатарын денсаулық пен материалдық қамтамасыз етілген өмір толықтарады.