Русский Сайттың толық нұсқасы

Димаш Құдайбергеннің ата-анасы Нұрбек Оралбайға тон кигізді

  • AstanaTV
  • 13 тамыз 2024
  • 512

Бокстан 80 келіге дейінгі салмақта Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері атанған қазақ боксшысы Нұрбек Оралбайға Димаш Құдайбергеннің ата-анасы құрмет көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

TikTok әлеуметтік желісінде әнші Димаш Құдайбергеннің ата-анасы Қанат пен Света Айтбаевтар жуырда ғана Париж Олимпиадасында бокстан күміс медаль жеңіп келген Нұрбек Оралбайға құндыз тонды сыйға тартқан видео тарады.

«Мына құндыз тон арнайы саған атаң жасатып алды. Өзіңе шап-шақ екен. Ал Айбекке інісіне қолдау көрсеткені үшін оған да бір ат мінгіземіз», - деді Қанат Айтбаев.