Русский Сайттың толық нұсқасы

МӘМС жүйесіне қатысты шағым көп

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысты сын көп. Әсіресе, елорда тұрғындары жүйенің дұрыс жұмыс істемейтініне наразы. Бір ғана жылдың ішінде 2,5 мыңға жуық шағым түскен. Олардың 86 проценті дер кезінде көмек ала алмадық деп ашынады. Бұдан бөлек,халықты МӘМС-ке тіркеу шарасы да нашар жүріп жатыр. Қала тұрғындарының 77 проценті әлі күнге дейін сақтандырылмаған.

Дәулетхан СЕРҒАЗЫҰЛЫ, ҚАЛАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ МҮШЕСІ:

Біздің емдеу мекемелерінің біразында кредиторлық қарыздары бар. Ол қарыздардың пайда болуы осы МӘМС тарапынан ақшаның аз түсуіне байланысты. Қаржыландырудың аздығы тек қана министрлікке, қалаға, қала әкімдігіне қатысты ғана емес. Ол МӘМС қорына ақшаның аз түстуінен. Ақшаның аз жиналуынан деп ойлаймын.

Денсаулық сақтау министрлігі МӘМС арқылы алынатын медициналық қызмет тарифін қайта қарады. Енді мойын, кеуде, сүйек-буын жүйесі және өзге де ағзалардың компьютерлік томографиясы 9 мың 600 теңгеден 7 мың 900 теңгеге дейін арзандайды. Контрастілеуді қажет ететін компьютерлік томография құны да 5 мыңға төмендеген. Жаңа тарифтер 1 қыркүйектен бастап бекітіледі.