Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде депутаттар екі күнді семинар-тренингке қатысты

Ақтөбелік депутаттар екі күндік семинар-тренингке қатысты. «AMANAT» партиясы ұйымдастырған дәрісте тәжірибелі тренерлер халық қалаулыларына әлеуметтік желі арқылы тұрғындармен тиімді байланыс орнатуды үйретті. Сондай-ақ партия жұмысын ілгерілету ісіне де машықтандырды. Саяси менеджмент академиясының директоры Елдос Нұрлан депутаттарға әлеуметтік желіні тиімді пайдаланудың әдіс-тәсілдері кеңінен түсіндірілгенін айтты. Халықтың мәселесін шешуге арналған оқыту жұмысы мұнымен шектеліп қалмайды.

Елдос Нұрлан, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ САЯСИ МЕНЕДЖМЕНТ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Заманауи тұрғыда, яғни бүгінгі ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдаланып жауап берудің маңыздылығын әріптестер өздері көріп отыр. Тағы бір мақсатымыз енді партияда істеліп жатқан жұмыстар көп. Осы жұмыстарды жұмыла істеуде, оның белгілі бір құқықтық аспектілерінің жөніндегі хабарын арттыруда бұл семинарымыздың үлесі зор деген ойдамыз.