«Нұр
Отан» партиясының қызылжарлық өкілдері бүгін
аймақтағы ғасыр жасаған Варвара Михееваны 8 наурыз мерекесімен
құттықтады. Қария қай мереке болса да назардан тыс қалмайтынын айтты.
Зейнеткерді құттықтауға партия атынан облыстық маслихаттың депутаты Юрий
Белоног келді. 1915 жылы туған Варвара Михеева Қазақстанға әкесімен бірге 1935
жылы көшіп келген. Сұрапыл соғыс кезінде "Атқарушы механизмдер
зауытына" күзетші болып жұмыс істепті. Айтуынша, сол кезде нысанды
"винтовка" қаруымен бақылауда ұстапты. Ұлы Отан соғысы аяқталғасын, батыр ана тыл еңбеккері медалімен марапатталған. Артынша ол зейнет жасына дейін
сауда үйінде сатушы болыпты. 7 бала тәрбиелеп, бүгінде немере сүйген аяулы әже
атанған.
Варвара
Михеева, тыл еңбеккері:
Мен
жыл сайын келіп құттықтайды. Қазақ халқына өкпем жоқ. Өте бауырмал халық. Мені
ешқашан ренжіткен жоқ. Ризамын.
Юрий
Белоног, Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты, «Нұр Отан»
фракциясының мүшесі:
«Нұр
Отан» партиясы мен депутаттық корпустың бастамасымен әйелдер мерекесі
қарсаңында біз өңірдің еңбек сіңірген зейнеткерлерін құттықтап жатырмыз. Оның
ішінде Варвара Петровна да бар. Ол тек балаларды тәрбиелеп қана қоймай,
жастайынан елдің, облыстың дамуына зор үлес қосқан. Біз осындай кездерде оларға
көңіл бөліп, құттықтауды парызымыз деп білеміз.