Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылорда облысында биыл 501 алаяқтық қылмысы тіркелді

  • AstanaTV
  • 15 тамыз 2024
  • 315

Қызылорда облысында биылғы жылдың 7 айында 501 алаяқтық қылмысы тіркелді. Жалпы тіркелген алаяқтықтың 40,2 пайызын интернет-алаяқтық қылмысы құрап отыр.

Қызылорда облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, интернет-алаяқтық қылмысын ашу - өзекті мәселенің бірі. Сондықтан осы бағытта жүйелі жұмыс ұйымдастырып, қылмысты ашуға бағытталған шаралар қабылдауға мән беріліп отыр.

«Департамент бастығының бұйрығымен тергеу және криминалды полиция бөліністерінің тәжірибелі қызметкерлерінен жасақталған тұрақты “Киберпол” жедел-тергеу тобы құрылған. Аталған топ бұл бағытта жүйелі жұмыс атқарып келеді. Олардың жүйелі жұмысының нәтижесінде 8 қылмыстық іске қатысы бар А. есімді азаматша қолға түскен. Ол жарнамалық сайттарда жалған хабарландыру орналастырған. Салдарынан ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігі 4-тармағымен іс қозғалды. Сондай-ақ мамыр айында осы тектес қылмыс жасаған шымкенттік Ж. есімді тұрғынның 12 қылмыстық іске қатысы бары анықталып, сотқа жолданды», - деді Қызылорда облыстық Полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі.

Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.