Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордада биыл студенттерге арналған 6 жатақхана салынады

  • AstanaTV
  • 15 тамыз 2024
  • 329

Астанада биыл МЖӘ аясында студенттерге арналған 6 жатақхана салынады. Олар 4,5 мыңға жуық орын құруға мүмкіндік береді. Бұл туралы педагогтердің 2024 жылғы тамыз форумында мәлім болды. 

Мысалы, биылғы тамыз айында Астана қаласы әкімдігінің фронт-кеңсесінің қолдауымен М.Жұмабаев, 10а мекенжайында жатақхана ашылды. Бұл жатақхана 400 орынға есептелген. 2024 жылы елордада 4,5 мың орындық 6 жатақхана салынады. 2025 жылы тағы 2 жатақхананы пайдалануға беру жоспарлануда.

Сонымен қатар Астана әкімдігі жатақхана салу үшін тағы 4 университетке жер телімдерін бөлді.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылы 1800-ден астам төсек-орын құрылды. Сонымен қатар 2023 жылы студенттік жатақханалар салу бойынша жобалық кеңсе ашылды. (Бейбітшілік көшесі, 9). Фронт-кеңсенің негізгі міндеті — жатақханалар салу жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау және студенттерді тұрғын үймен қамтамасыз ету, ЖОО-лар мен әлеуетті инвесторларға заңгерлік, консультациялық және сараптамалық қолдау көрсету.

Жатақханалар құрылысы студенттік жатақханалардағы орын тапшылығы проблемасын шешу үшін Мемлекет басшысының тапсырмасы шеңберінде іске асырылуда.

Оқи отырыңыз