Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде өзен-көл жағалауына суға батып кеткен дерек жазылған тақтайша орнатылып жатыр

Ақтөбеде биыл 12 адам суға батып қаза тапты. Олардың алтауы кәмелетке толмаған бала. Осындай оқыс оқиғалардың алдын алу үшін құтқарушылар жаңа әдіске көшіпті. Бұдан былай қайғылы жағдай орын алған өзен-көл жағалауына арнайы ескерту белгілері орнатылмақ. Онда бұл жерде қанша адамның суға батып кеткені туралы ақпарат жазылған. Бүгіннің өзінде оқыс оқиға орын алған 18 жерге осындай тақтайша орнатылған. Өңірде профилактикалық шараларға 400- жуық арнайы қызмет мамандары жұмылдырылған.

Жанболат ТӨЛЕПБЕРГЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ОФИЦЕРІ:

Оқыс оқиға орын тіркелген аумақтарға біздер белгілерді орнатып жатырмыз. Осы жерде қанша адам суға батқаны жөнінде ақпарат жеткізіп халыққа. Ендігі бұл ақпарат нақты және осы жерде әр келген адам өзіңе ақпаратты алып шешім қабылдай алады. Бұл жерге суға т үспес үшін осы белгілерді қойдық ақпараттандыру үшін.