Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда 10 мыңнан астам вейп тәркіленді

  • AstanaTV
  • 16 тамыз 2024
  • 186

Алматыда бір айда 10 мыңнан астам вейп тәркіленді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Электронды темекіні сату және жеткізумен айналысқан азаматтар анықталып, оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Құзырлы органдар әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тыйым салынған өнімдердің таралып, сатылуын қатаң бақылауға алғанын мәлімдеді. Ал өткен айда киберполиция жедел іс-шаралар нәтижесінде темекі емес өнімдерді, электронды тұтыну жүйелерін, хош иістендіргіштер мен олардың сұйықтықтарын сатып, таратқан 5 адамды ұстап, тергеу жүргізді.