Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанай облысында 200-ден аса адам қауіпті дертке шалдыққан

  • AstanaTV
  • 16 тамыз 2024
  • 367

Қостанай облысында туберкулезбен ауыратындар саны артты. Бұл туралы өңірдің санитарлық дәрігерлері мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Дертті жұқтырғандардың қатарында балалар мен жасөспірімдер де бар. Мамандардың айтуынша өткен жылдың алғашқы 7 айымен салыстырғанда өсім байқалады. Бірақ алаңдауға негіз жоқ.

Биыл өңірде 9 бала және 218 ересек қауіпті дертке шалдыққан. Жұқпалы ауруды туберкулез микробактериясы қоздырады. Дерт адамнан адамға түшкірік, жөтел және сөйлесу кезінде бөлінетін тамшылар арқылы жұғуы мүмкін.

– Жұқпалы ауруға шалдыққандар саны 12 адамға көбейіп тұр, 6 пайыз өсімді көрсетті. Жазда жылжымалы медициналық кешендер мен флюорографиялық қондырғылар жұмыс істей бастайды. Сондықтан ауру жиі анықталып жатыр, – деді Қостанай облыстық фтизиопульмонология орталығының директоры Жаннат Молдатаева.