Ақтөбеде бұл бау-бақша ұжымы тұрғындарының көктем сайын кешкен күйі осы. Тұрғындар екі жыл бұрын түгелдей суға кеткен. Айтуларынша, биылда қауіп болыпты. Бірақ өз күштерімен өзен жағасын бекітіп бөгет жасап, аман алып қалыпты.
Ғалымжан НҰРМАҒАМБЕТОВ, БАУ-БАҚША ҰЖЫМЫ ТӨРАҒАСЫ:
Ең бірінші поворот болғаннан кейін бүкіл құмы лайы бар сол жерге жиналып, қалып қояды.Су өте алмағаннан кейін мұзы бар,қамысы бар жылдағы неше жылдан бері тазартылмаған. Тал өсіп кеткен. Соған барып тіреледі. Содан мына жақтың барлығы көтеріледі. Сол үшін коллективтер тасиды. Суға кетеді.
Болатбек ДОШАЕВ, ТҰРҒЫН:
Бізге мына Жіңішке өзенін көтеріп берсе, сонымен қатар тазартып көтерсе жан-жағын аршып орнын кеңейтіп берсе болды. Басқа түкте керек емес.
Жіңішке өзені маңында беске жуық бау-бақша ұжымы орналасқан. Өзен тасыса бес жүзден астам тұрғын үйдің суға кету қауіпі бар. Өзенде көп жылдан бері тазартылмаған. Өзен таяданып, қамыс қаулап өсіп кетіпті.
Талғат НАУРЫЗОВ, ҚАЛАЛЫҚ ТҮКШ БӨЛІМІНІҢ МАМАНЫ:
Қазіргі таңда ЖКХ тарапынан жұмыстар жүргізілуде. Мемлекеттік сатып алу конкурс ұйымдастырылып жатыр. Соның ішінде үйінділер үю жұмыстары қашықтығы 900 метрді құрайды. Жеңіс көпірінен Рыскулов көпіріне дейін, Сосын Рыскуловтан Теміржолға дейін ішіндегі ағаштарда алынатын болады.
Жауаптылардың айтуынша өзенді тазарту жұмыстары қыркүйектің соңыда басталып, жыл соңына дейін аяқталмақ. Бұл мақсатқа 34 миллион теңге қаражат бөлініпті.