Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағандыда «Amanat» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасының аясында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі ұйымдастырылды

Қарағандыда «Amanat» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасының аясында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Бұл бағдарлама мүмкіндігі шектеулі жандардың үйде отырып қалмай жұмысқа орналасып, қоғамға пайдалы іспен айналысуына мүмкіндік береді. Бүгінгі жәрмеңкеге 28 мекеме қатысып, өздеріне қажет мамандарды таңдады.

Нияз СҮНДЕТӘЛИЕВ, “КЕДЕРГІСІЗ КЕЛЕШЕК” ЖОБАСЫНЫҢ АМБАССАДОРЫ:

Қазіргі таңда мүгедектердің көбі бос жұмыс орындары барын біле бермейді. Ақпарат оларға жетпей жатады. Бұл проблема бар. Бүгінгідей жәрмеңкелер олардың жұмыс берушілермен тікелей тілдесіп, өз біліктіліктерін көрсетуіне мүмкіндік береді. Қоғамға араласуға көмектеседі.