Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркия ядролық державаға айналмақ

Түркия ядролық державаға айналмақ. Келер жылы олар әлемдегі ең үлкен атом станциясының бірінші реакторын іске қосады. Осылайша атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдаланатын елдердің қатарына кірмек. Аумағы 10 шаршы шақырымнан асатын "Аккую" нысанын ресейлік «Росатом» корпорациясы салып жатыр. Құрылысқа 34 мың адам жұмылдырылған. Мамандар бұл нысан жарты ғасыр мүлтіксіз қызмет етеді дейді. Себебі, станцияның құрылысы да, турбина, энергоблоктар секілді барлық бөлшектері де жоғары сапа стандарттарына сай. 9 балдық жер сілкінісіне, 7-8 метрлік цунамиге де төтеп бере алады. Тіпті, станцияға салмағы 400 тонналық ұшақ құласа да қоймаға ештеңе болмайды дейді жауаптылар. Жоба 2028 жылы аяқталады деп жоспарланған. Ел билігі тағы бірнеше өңірде атом станцияларын салуды көздеп отыр.

Мехмет АЛИ ЧАКЫР, «АККУЮ НУКЛЕАР» АҚ РЕАКТОРЛАРДЫ БАСҚАРУ ЖӨНІНДЕГІ ЖЕТЕКШІ ИНЖЕНЕРІ:

Бізде тағы 2 атом энергия станциясын салу жоспарланған. Қазір құрылысы жүріп жатқан Аккуюм станциясының толық қуаты -35 млрд квт. Бұл Түркиядағы энергия қажеттілігінің 10 пайызын немесе Ыстанбұл қаласын толық электрмен қамтамасыз ете алады. Жобаның атмосфераға еш зияны жоқ. Өте тиімді. Мысалы, 3 вагон көмірден алатын энергияны 3 грамм ядролық отыннан алуға болады. Станция 100 жылға дейін таза энергия бере алады. Яғни, ғасырға дейін өңір жұртын жұмыспен қамтиды деуге болады.

Қытай әлем бойынша Атом электр станциясы көп мемлекеттер қатарында 4 орында тұр. Қазір аспан асты елінде 55 станция бар. Олар былтыр ядролық отын арқылы 433 млрд квт энергия шығарған. Бірақ көрші ел үшін бұл жеткіліксіз. Олар тағы 26 жаңа нысанның құрылысын бастады. Олар тұрғызылса 30 млн квт-дан астам қуат көзін өндіретін болады. Сонымен қатар, Біріккен Араб әмірлігінде де атом станциясының құрылысы жүріп жатыр. Көрші Өзбекстан билігі де ел экономикасын қолдау үшін атом энергиясын пайдалануды жоспарлап, талқылау өткізуде.