Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодар облысында 330 мың адам экологиялық акцияға қатысты

Павлодар облысының тұрғындары туған өлкелерінің тазалық жұмысына белсенді араласуда. “Таза Қазақстан” акциясына аймақтан 330 мың адам белсенді қатысып, қалалар мен аудандарға абаттандыру, тазалау жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде 109 мың тонна қоқыс жиналып, 29 мыңнан астам ағаш егілді.

Арина КРЫСКОВА, ОБЛЫСТЫҚ “ЖАСЫЛ ЕЛ” ШТАБЫНЫҢ КОМАНДИРІ:

Мұндай шара жастарды біріктіріп, отансүйгіштікке, тазалыққ тәрбиелейді. Жас қатысушылар үшін «шаңғы базасы» бойынша экологиялық экскурсия ұйымдастырылды. Сонымен қатар қарым-қатынасты жақсарту үшін шағын ойын форматында «би қыздыру» өткіздік.