Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстандықтар медициналық ұйымдарда бетперде киюі тиіс

Қазақстандықтар медициналық ұйымдарда бетперде киюі тиіс. Денсаулық сақтау министрлігі жұқпалы індетке қарсы профилактикалық іс-шаралар өткізу туралы қаулыны жариялады. Елімізде жыл басынан бері КВИ бойынша 1290 жағдай тіркелген. Қайтыс болғандар жоқ. Дәрігерлер ғимараттың ішін жиі желдетіп отыруға, антисептикалық құралдарды пайдалануға, науқас адамдармен байланысты шектеуге, ауырып тұрған адамдармен байланысқан жағдайда бетперде тағуға және медициналық көмекке дер кезінде жүгінуге кеңес береді.

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ:

• 2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап тұмауға қарсы вакцинация жүргізу;
• Медициналық ұйымдарда: кіреберісті «сүзгі» жұмысымен қамтамасыз ету, бетперде тағу, антисептиктердің болуы;
• ЖРВИ, тұмау байқалған бір жасқа дейінгі сәбилер мен жүкті әйелдердің үйге шақыртуына бірінші кезекте қызмет көрсету қарастырылған.

Әлемнің 84 елінде короновирус анықталды. Оның ішінде Еуропа елдерінде өсім көрсеткіші 20 пайыздан жоғары. Ал, Ресейде соңғы аптада жұқтырғандар саны 30 пайызға артқан. Оңтүстік Кореяда да коронавирус тез тарап жатыр. Індет айдың соңында шарықтау шегіне жетеді деген болжам бар. Науқастардың күрт көбеюіне байланысты жергілікті ауруханаларда маман жетпей жатыр. Дәрі-дәрмек те тапшы.