Русский Сайттың толық нұсқасы

“Көлікті рұқсатсыз алып кеткен”: СҚО-да 18 жастағы жігіт жасөспірімді қағып өлтірді

  • AstanaTV
  • 16 тамыз 2024
  • 303

Солтүстік Қазақстан облысында жүргізуші куәлігі жоқ 18 жастағы жасөспірім 16 жастағы велосипедшіні қағып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мағжан Жұмабаев аудандық ІІБ кезекші бөліміне "Шкода Рапид" көлігін тізгіндеген 18 жастағы жасөспірім 16 жастағы велосипедшіні қағып кеткені туралы хабарлама түскен.

"Ол алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты. Бұл факті бойынша "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан жол қозғалысы немесе көлiк құралдарын пайдалану ережелерiн бұзуы” бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Көлік мамандандырылған тұраққа қойылды", – делінген хабарламада.