Русский Сайттың толық нұсқасы

Маймыл шешегі: қауіпті вирусты анықтайтын ПЦР-тест елге жеткізілмек

  • AstanaTV
  • 17 тамыз 2024
  • 348

Қазақстанда маймыл шешегінің алдын алу шаралары күшейтіледі. Азаматтар қауіпті вирусты анықтайтын ПЦР-тест тапсырады. Сынама жақын арада елге жеткізіледі. Бұл туралы Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның ақпарынша, жұқпалы ауруды республика аумағында таратпас үшін жан-жақты бақылау күшейтіледі. Қазір кеселге қатысты клиникалық хаттама бекітілген. Маймыл шешегінің негізгі белгілері - бөртпе, тамақ ауруы, бұлшықет және арқа ауруы. Сондықтан Денсаулық сақтау министрлігі әсіресе, шетелге шығып жатқан азаматтарға барынша абай болуды ескертеді.

– Өзге елдерде 100 мыңға жуық адам жұқтырған. Маймыл шешегінің таралуына жол бермеу үшін ең алдымен Қазақстанға кіру жолын бақылауымыз керек. Яғни әуежайларда, пойыздар мен автокөліктер өтетін жерлерде термометрия құралдары қолданылады. Маймыл шешегінің негізгі симптомдары – дене қызуы көтеріліп, теріде түрлі дақтар пайда болады, – деді ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев.