Русский Сайттың толық нұсқасы

«Алланың қалауымен үйлі болдыңыздар»: маскадағы адам 30-дан астам отбасыға баспана берді

  • AstanaTV
  • 17 тамыз 2024
  • 370

Маскадағы беймәлім адам биыл көктемде су тасқынынан зардап шеккен 34 отбасыға баспана берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Видео Instagram желісіндегі chelovekvmaskee парақшасында жарияланды.

«Кешіріңіз, апа. Сіздер судан зардап шектіңіздер ғой!? Рұқсат болсы, Алланың қалауымен сіздер үйлі болдыңыздар», - дейді видеода аты-жөні беймәлім жігіт.

Ол өз сөзінде баспана қай өңірлердің тұрғындарына берілгені туралы жазды.

«Су тасқынынан зардап шеккен 34 отбасы баспаналы болды. Біз сіздермен бірлесіп, 1 млн долларды су тасқынынан зардап шеккен Қазақстанның әр өңіріне үлестірдік.

Батыс Қазақстан облысы, Ақтөбе облысы, Атырау облысы, Қостанай облысы, Солтүстік Қазақстан облысы», - деп жазылған Instagram парақшада.