Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда 1 қазаннан бастап пойыз билеттерінің бағасы 20% қымбаттайды

  • AstanaTV
  • 17 тамыз 2024
  • 445

Елімізде пойыздағы билет бағасын қымбаттатуға жолаушылардың басым бөлігі қарсы. Өйткені вагондардың көбінде жағдай жасалмаған, қызмет сапасы да төмен деп отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информ бюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Көлік министрлігі 1 қазаннан бастап елімізде 62 бағытта қатынайтын пойыз бірден 20 пайызға қымбаттайды деген еді. Алайда қазақстандықтар баға әлден шарықтап кеткен деп шағымданып жатыр. 

Олардың айтуынша, жолаушылар тасымалдап жүрген ескі вагондарда салқындатқыш та жоқ. Ал жаңаларының өзінде жиі істен шығады. Жолаушылар алып-сатарлардың кесірінен қымбат билет алуға мәжбүрміз деп отыр. Өйткені жауаптылар делдалдарды қызметіне әлі күнге тоқтау қоя алмай жатыр. 

Ал көлік министрлігінің өкілдері қазір жолаушы тасымалдап жүрген вагондардың жартысына жуығының тозығы жеткенін мойындайды. Оларды жаңалау үшін кейбір бағыттарға қатынайтын пойыз билеттерінің бағасын 20% қамбаттатын көрінеді. 

Көлік министрлігі темір жол және су көлігі комитетінің бас сарапшысы Данияр Көмекбаев темір жол транспорттарына қатаң бақылауды бастағанын айтты.

"Техникалық және вагондардың ішкі және сыртқы көріністерінің нашарлығы, сонымен қатар жолаушыларға арналған сервистік қызметтің өте төмен болуына байланысты. Яғни қорытындылай келе тексеріс жұмыстары аясында тасымалдаушыларға тиісті штрафтық санкциялар берілді. Осы атқарылып жатқан жұмыстар жолаушыларға жасалатын қызмет сапасын жақсарту мен вагондар құрамын жаңарту", – деді бас сарапшы.

Айта кетейік, бұдан былай мемлекеттен мол қаражат алып отырған жеке компаниялар вагондардағы кемшіліктерді реттемесе айыппұл арқалайды. Тіпті субсидиядан да қағылуы мүмкін деді министрлік өкілі.