Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанның тұтынушыларына жылу үшін 770 млн теңгеден астам қаражат қайтарылады

  • AstanaTV
  • 17 тамыз 2024
  • 493

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті мен оның аумақтық бөлімшелері бүкіл Қазақстан бойынша жылу энергиясын есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау қызметтерінің құнын қайта есептеу бойынша жұмысты аяқтады, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігі.

Қайта есептеу нәтижелері бойынша қаражатты қайтару тұтынушылардың дербес шотында жаңа жылыту кезеңінде (2024-2025 жылдар) не күнтізбелік жылда (2024 жылдың соңына дейін) аванс (сальдо) түрінде жеке жолмен көрініс табады.

Қазақстан Республикасының Табиғи монополиялар туралы заңнамасының нормаларына сәйкес табиғи монополия субъектісі сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтің құнын тікелей тұтынушыларға не жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметке ақы төлеу кезінде тарифті төмендету жолымен тұтынушының тұрған жерін белгілеу мүмкін болмаған жағдайда қайта есептеуді жүргізуге міндетті.

Осылайша, 2023-2024 жылдардың өткен жылыту кезеңінде жылумен жабдықтау саласында қызмет көрсететін табиғи монополиялар субъектілері ҚҚС есебімен жалпы сомасы 768 157,39 мың теңгеге есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылу энергиясы үшін төлемақыны қайта есептеді, Павлодар облысы бойынша – 4 128,56 мың теңге.

Бұл ретте, Ұлытау облысы мен Қарағанды облысының тұтынушылары үшін өзге тәсіл қолданылады, өйткені жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтің құны сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып жүргізіледі.

Айта кету керек, жылу энергиясын есепке алу құралдарын орнату жылумен жабдықтау қызметтеріне жылу энергиясының нақты тұтынылған көлемі үшін ғана төлеуге мүмкіндік береді, бұл жылыту маусымында мүмкін болатын артық төлемді болдырмауға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда еліміздегі көппәтерлі тұрғын үйлерді аспаптау деңгейі шамамен 75% құрайды.