Русский Сайттың толық нұсқасы

Нариман Құрбанов қазақ қызына үйленетінін айтты

  • AstanaTV
  • 18 тамыз 2024
  • 392

Спорттық гимнастикадан Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов қыркүйек айында қазақ қызы Аида Бауыржановамен шаңырақ көтеретінін айтты. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Offside.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Гимнаст үйлену тойын дүркіретіп өткізбек.

«Қыркүйек – бір-бірімізге көбірек көңіл бөліп, өміріміздің жаңа тарауын бастайтын уақыт. Осы күнді асыға күтіп жүрмін», - деді спортшы.

Нариман Аидамен қарым-қатынасы 2018 жылы жаттығуда кездескен уақыттан басталғанын айтты. Содан бері олар спорттағы шыңдарды бірге бағындырып, жұптарын жазбаған.

«Аида екеуміз 2018 жылы кездестік, содан бері ажыраған емеспіз. Сүйіктім Аида да гимнаст, біз спорт әлемінде шыңдарды бірге бағындырамыз», - деді гимнаст.

Айта кетейік, Париж Олимпиадасында Нариман Құрбанов сәтті өнер көрсетіп, күміс жүлдегер атанды. Отандасымыз Олимпиада ойындарына алғаш рет қатысты. Оның медалі Қазақстан тарихында спорттық гимнастикада жеңіп алған алғашқы медаль болды.