Орал қаласына бір апта ыстық су берілмейді. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі «Мой город» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Әкімдік мәліметінше, қалалық газ құбырларында жүргізіліп жатқан сынаққа байланысты ыстық су өшіріледі.
«Интергаз Орталық Азия» АҚ филиалы тауарлық газ беруді тоқтатып, газ құбырларында сынақтар өткізуді жоспарлап отыр. Осыған байланысты 19-25 тамыз аралығында тұрғындар үшін ыстық сумен жабдықтау тоқтатылады», - деп хабарлады ведомстводан.
Жұмыс мерзімінен бұрын аяқталған жағдайда, ыстық су беру штаттық режимде қайта беріледі.