25 жастағы қыз Астананың Алматы ауданында пәтер жалға алып, пәтер ақысын төлеуге ақшасы таусылған соң үй иесін тонауға бел буған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қыз заттарды ломбардқа өткізіп жіберіпті.
Жәбірленушінің айтуынша, ол 6 ай пәтер жалдаған, 4 ай пәтер ақысын уақытылы төлеген, кейін қаржылық қиындықтар басталған екен. Сондықтан үй иесі пәтер ақысын кейін төлеуге уақытша рұқсат берген.
Бойжеткен пәтер иесінің сенімін пайдаланып, ондағы теледидар мен үтікті ломбардқа өткізген. Осыдан кейін ол байланысын үзген.