Алматы облысында экскаватор жүргізушісі құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ мәліметінше, Райымбек ауданында қатты жауын-шашынның салдарынан жүргізуші көлікті басқара алмай, экскаватордың жолдан өзенге аударылуына жол берді.
Құтқарушылар ер адамға саты беріп, жоғары көтерілуге көмектесті. 1972 жылы туған зардап шегушіге медициналық көмек қажет болмады.