Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылордада құрылысшылар мен көлік қызметкерлері күні аталып өтілді

Жеткерген Оразбаев 45 жыл құрылыс саласында тер төккен. Аурухана, мектептер мен көпқабатты үйлердің іргетасын қалап, бірнеше шағын аудандардың бой көтеруіне үлес қосты. Құрылысшылар күні қарсаңында ардагер құрмет төрінен көрінді.

Жеткерген ОРАЗБАЕВ, АРДАГЕР ҚҰРЫЛЫСШЫ:

Еңбек елеусіз қалмайды дейді. Елеп жатқанына рахмет. Құрылыс саласында істеген адщамның қадірін өзің үлкейгенде көресің. Жастарға тұсынан өткенде ай мынаны мен салып едім ғой деп немере-шөберелі болғанда ерітіп көшені аралап жүргенде көресің. Құрылысқа келіңдер.

Аймаққа биыл құрылыс саласын дамытуға мемлекеттен 133 млрд теңгеден аса қаржы бөлінген. Бұл былтырмен салыстырғанда 5 есе артық. Нәтижесінде құрылыс жұмыстары көлемінің көрсеткішімен Қызылорда еліміз бойынша алдыңғы орынға шықты. Мұнда кәсіби мереке иелерінің еңбегі ерекше деді облыс әкімі.

Нұрлыбек НӘЛІБАЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІ:

Құрылысы қарқынды елдің экономикасы қай уақытта да қуатты. Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Кемелұлы атап өткендей құрылысшылардың жасампаз еңбектерінің арқасында халықтың әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік мол.

Құрылысшылар мен көлік қызметкерлері күніне орай сала мамандары мен ардагерлер марапатталды. Шара эстрада жұлдыздарының концерттік бағдарламасымен қорытындыланды.