Русский Сайттың толық нұсқасы

"Жалпы субсидияның 50% өңдеуші секторға беру - дұрыс шешім", - экономист

Соңғы 6 айда 14 мың бизнес жоба мемлекеттің қолдауына ие болды. 566 млрд теңгеге 8600-ден астам жоба қаржыландырылды. Тағы 179 млрд теңге болатын 5 мың 300 жоба кепілдендірілді. Қызмет көрсету саласындағы жобаларды субсидиялау 5 жылдан 3 жылға қысқартылған. Бұл - Президент жолдауын іске асыру аясында қабылданған шешім. Осының нәтижесінде, бюджетке түсетін жүктеме азаяды, - дейді мамандар. Сондай-ақ, өңдеу өнеркәсібін қаржыландыруға басымдық берілмек.

Айбар ОЛЖАЙ, ЭКОНОМИСТ:

Қазір осы субсидиялардың 50 пайызын өңдеуші, қайта өңдейтін өндіріске жіберу жоспарланып отыр. Бұл- дұрыс. Нағыз реалды экономика осы жерде. Бизнестің басқа түрлері емес өндіретін, Қазақстанда жасайтын секторға назар аудару керек. Қазір енді ол қолға алынды. Мысалы, 1 млрд теңге субсидия болса, оның 500 млн-ы осы өңдеуші кәсіпорындарға берілетін болады. Бұл- өте жақсы.

Қабылданған шаралардың аясында ірі кәсіпорындар синдикатталған несиелеу арқылы бірнеше банктен 15 млрд теңге қарыз ала алады. Сонымен қатар, эмитент-кәсіпкерлердің жеңілдетілген несие алуына да жағдай жасалған. Алдағы уақытта жоғары технологиялық дайын өнім шығаратын кәсіпкерлерге төмен пайызбен қарыз беру көзделген. Бұл тетіктер тұрақты экономикалық өсімге оң әсер етіп, еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттырады.