Русский Сайттың толық нұсқасы

"Қызыл қағаз көрсеткені үшін": Алматыда матч кезінде төреші соққыға жығылды

  • AstanaTV
  • 19 тамыз 2024
  • 213

Алматыда "Pioneer" және "Eric-Son" командалары арасындағы әуесқой J-League футбол матчынан кейін бас төрешіге шабуыл жасалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы тарады. Төреші Игорь Карповтың миы шайқалып, көптеген жарақат алғаны хабарланды.

"Куәгерлердің айтуынша, төреші ойыншылардың біріне қызыл қағаз көрсеткен. Бірақ олар келіспей, көпшілік оған шабуыл жасаған", – деп жазады басылым.