Русский Сайттың толық нұсқасы

Терроризммен күрес жөніндегі жедел штаб шұғыл хабарлама таратты

  • AstanaTV
  • 19 тамыз 2024
  • 358

Ақтөбе облысының терроризмге қарсы күрес бойынша жедел штабы Ақтөбе қаласының тұрғындарына жүгініп, мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сонымен, 2024 жылы 20 тамызда қалада терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өткізу жоспарланған. 

"Іс-шараның шарттары күрделіліктің әртүрлі элементтерімен жауынгерлік жағдайларға мүмкіндігінше жақын болады", делінген хабарламада.

Осыған байланысты жедел штаб азаматтарды өткізілетін оқу-жаттығу іс-шараларына түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және жұмылдырылған мемлекеттік органдардың заңды талаптарын орындауға шақырады. 

Айта кетсек, мамыр айында Абай және Жамбыл облыстарында да терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өткізілген болатын.