Русский Сайттың толық нұсқасы

«Бір-бірін 1,5 жылдай көрмеген»: анасы мен ұлы қауышты

  • AstanaTV
  • 19 тамыз 2024
  • 317

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №66 мекемесінде «Қақпа алдындағы кездесу» әлеуметтік жобасы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Бүгін мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталғанның бірі үшін қуанышты күн. Заңда белгіленген мерзімінің жартысынан астамын өтеп, келтірілген залалдың толық сомасын өтеп, ол өзінің түзелгенін дәлелдеді және сот шешімімен сотталған адамға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза бас бостандығын шектеумен ауыстырылды.
Осындай маңызды күнде қақпа алдында оны анасы мен әпкесі қарсы алды», - деп хабарлады ПД.

Туған анасымен көптен күткен кездесу сотталушы үшін нағыз тосын сый болды. Себебі олар бір-бірін 1,5 жылдай көрмеді. Белгілі болғандай, сотталғанның анасы басқа елде тұрады екен.

«Бірнеше жылдан бері мен Ресейде тұрамын, ұлыма жиі келуге және баруға мүмкіндік болмады. Алайда оның босатылатынын білгенде, мен бірден жолға билет сатып алдым. Енді мен уақытша осында қалып, ұлыма көмектесуді жоспарлап отырмын. Мекеме қызметкерлері мен әкімшілігіне психологиялық көмек көрсеткені үшін, ұлымның түзелуіне атсалысқаны және жаңа өмір бастауға мүмкіндік бергені үшін зор алғысымды білдіремін», - деді сотталғанның анасы.